ҚР Президенті Жолдауда халықтың пікірі маңызды екенін айтты - халықаралық сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ол үшін халықтың пікірі маңызды екенін ашық айтты. Бұл туралы Қауіпсіздік саясаты және даму институтының директоры, Орталық Азия және Кавказ институтының директоры Сванте Корнелл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Қ.К. Тоқаев өзінің президенттігінің басынан бастап қазақстандық саяси жүйенің барлық саласын қамтитын байыпты саяси реформаларға көшуді бастады. Оның саяси жүйенің тиімділігі туралы үнемі ашық айтатынын атап өткен жөн. Ал бұл жолғы Жолдауында ол бұрынғыдан да ашық болды. Ол үшін халықтың пікірі маңызды екенін ашық айтты. Жолдау қоғамның барлық сұраныстарына жауап береді деуге болады», - деді Қауіпсіздік саясаты және даму институтының директоры, Орталық Азия және Кавказ институтының директоры Сванте Корнелл (Швеция) ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысында.

Бұдан бөлек, Германияның «Жасылдар» партиясының негізін қалаушы, Еуропарламенттің бұрынғы депутаты, саяси қайраткер Франк Швальба-Хот (ЕО) «Ұлттық құрылтай» қоғамдық сенім кеңесінің алға қойған мақсатына жетіп, көптеген елдерге үлгі болуын тіледі. Сонымен қатар ол Құрылтай тек саяси кеңес емес, сондай-ақ қарапайым адамдардың, қарапайым халықтың мүддесін қорғайтын ұйым болуына тілектестік білдірді.

Ал Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының Орталық Азия секторының меңгерушісі Игорь Савин (Ресей) жергілікті өзін-өзі басқаруға көшу этникалық азшылық мәселелерін тиімдірек шешуге мүмкіндік беретінін айтты. Оның пікірінше, Қазақстан әрқашан этностарды саясиландырмау бағытын ұстанып, этносты қоғамның әлеуметтік күн тәртібінің өлшемдерінің бірі ретінде қарастыруды жөн көрді. «Қазақстанның ауқымды саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыруға дайындығы басқа мемлекеттер үшін елдің өз ішкі мәселелеріне баса назар аударуға ниетті екендігін байқатады. Реформалардың бірқалыпты, кезең-кезеңмен жүргізілуі ел басшылығының ниетінің байыптылығын көрсетеді. Жолдау іскерлік сипатта болды және бұл реформалардан нәтиже шығатынына сенімділік береді», – деп атап өтті сарапшы.


Соңғы жаңалықтар