ҚР Президенті Жоғары ЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға келді

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Арменияға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді. Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», - деп мәлім етті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Соңғы жаңалықтар