ҚР Президенті: Жасанды интеллектіні дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – G42 компаниясының директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесуде ақпараттық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев G42 жасанды интеллект, cloud инфрақұрылымы және Big Data салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы мәліметтер алды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен IT саласындағы адами капиталды дамыту еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екенін атап өтті.









Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар