ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркияда жүр

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстарындағы әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистранттарының делегациясы Анкарадағы Түркия және Таяу Шығыс бойынша Мемлекеттік басқару институтында кәсіби тәжірибемен алмасу мақсатындағы сапармен Түркияда жүр.

Аталған сапар білім бағдарламалары шеңберінде Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Түрік  ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен ұйымдастырылды.

 Қазақстан мемлекеттік мекемелерінің өкілдері Түркияның мемлекеттік саясаты, мемлекеттік қамтылу, электронды үкімет жүйесімен, мемлекеттік басқару құрылымымен, мемлекеттік басқаруға үйрету тарихымен, жұртшылықпен байланыс, қоршаған ортаны қорғау мәселелері, әкімшілік құқық пен әкімшілік соттар, жергілікті әкімшілік басқару, сондай-ақ қайта құрулар мен адам ресурстарын басқару жүйесімен танысуда. ТИКА өкілдерінің ақпараты бойынша, осындай білім бағдарламалары келесі жылы да жалғасады.

Соңғы жаңалықтар