ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы оқыту бағдарламаларын қайта қарап шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы оқыту бағдарламаларын қайта қарап, оны тәжірибелік бағытқа қарай екпін қойылды. Бұл туралы бүгін аталған акдемияның ректоры Болатбек Әбдірәсілов ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында мәлім етті.

«Оқу орнындағы контингент үлкен емес, негізінен олар жергілікті және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер. Біз академияға оқытуға бас сарапшы және одан жоғары қызметтегілерді аламыз», - деп тоқталды ректор.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде академияда магистрлік және докторлық бағдарламаларда саяси мемлекетті қызметкерлер корпусының өкілдері білім алуда, бірақ бұлар негізінен «Б» корпусының өкілдері.

«Біз мемлекеттік органдардың қажеттілігін зерттеу бойынша елеулі жұмыстарды жасадық. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлерді тікелей оқытуда негізгі қажеттілік мәселесіне айтарлықтай назар аударып келеміз. Академия, мемлекеттік орган және мемлекеттік қызметкер арасындағы диалог негізінде біздің бағдарламалар қайта қаралып, оларды тәжірибелік бағытталған еттік және біліктілік қадамдарына негіздедік», - деп нақтылап өтті Б.Әбдірәсілов.

Соңғы жаңалықтар