+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

ҚР Президенті жанынан Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі комиссия құрылды

2020 жылғы 27 мамыр 18:45
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті жанынан Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі комиссия құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Британия экономикасы соңғы 40 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды Сыр өңіріндегі шыны зауыты биыл аяқталмақ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мынадай құрамда құрылсын:

Мамин Асқар Ұзақбайұлы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Комиссия төрағасы

Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы

Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Досаев Ерболат Асқарбекұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Есімов Ахметжан Смағұлұлы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

Аймағамбетов Асхат Қанатұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Біртанов Елжан Амантайұлы – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Дәленов Руслан Ерболатұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Омаров Сапархан Кесікбайұлы – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

Перепечина Ольга Владимировна – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сабильянов Нұртай Салихұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жүрсінов Рустам Манарбекұлы – Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

Келімбетов Қайрат Нематұлы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)

Мырзахметов Абылай Исабекұлы – «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

2. Комиссия жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 27 мамыр

№ 340


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT