ҚР Президенті зардап тигізетін ақпараттан балаларды қорғайтын заңға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғайтын ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерді белгілеуге бағытталған «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Аталмыш заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар