ҚР Президенті Үндістанның Премьер-Министріне құттықтау жеделхатын жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі лаузымына қайта сайланған Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жеделхатта Нарендра Модиді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Үндістан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Бхаратья Джаната партиясының басым жеңісі, Үндістан халқының оған деген сенімі мен қолдауын көрсететінін айтқан.

«Сіздің көшбасшылығыңыз бен қабілетіңіздің арқасында Үндістан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық беделін нығайта түседі деп сенемін. Қазақстан мен Үндістанның достас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдете беруге дайын екенімізді жеткіземін», - делінген жеделхатта.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрінің қызметіне табыс, халқына бейбіт өмір мен береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар