ҚР Президенті: Ұлттық табысты әділ бөлу - стратегиялық маңызды мәселе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықты лайықты жалақымен қамту керек. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы маңызды бағыттардың бірі жаңа жұмыс орындарын ашу мен халықты лайықты жалақымен қамту екенін атап өтті.

«Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл - стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар