ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордның ресми сайтына сілтеме жасап.
«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы туралы айтты, сондай-ақ, отандық аналитикалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысына жаһандық компаниялармен арадағы ынтымақтастықтың негізінде инвестиция тарту жолдарын, сондай-ақ, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар таныстырылды.
Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен әңгімелесу барысында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы дамыту мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің отандық масс-медиаға қолдау көрсете беретініне тоқталып, контент сапасын арттыру және қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.
- 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды
- Президент инвестицияның құқықтық қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды
- Президент ірі мұнай-газ жобалары бойынша уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуына назар аударды
- Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
-
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
-
Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға өзгерістер енгізілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам