ҚР Президенті: Ұлттық буржуазияны қолдаймын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық буржуазияны жеке өзім қолдаймын. ҚР Президенті қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасына осылай деп жазды.

«Ұлттық инвесторлар Кеңесінің отырысын өткіздім. Жайлы іскерлік орта қалыптастыру, бизнесті тиімді қолдау және бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша бірқатар міндеттер белгіледім. Ұлттық буржуазияны жеке өзім қолдаймын»,-делінген желіде.

Сонымен қатар Президент парақшасында Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, барлық бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне жүйелі талдау жүргізуді тапсырғандығын жазды.

«1 қазанға дейін бизнестің екі жақты міндеттемелерін ескеретін мемлекеттік қолдаудың жаңа әдістерін әзірлеу керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар