ҚР Президенті: Үлкен үміттің үдесінен шығу үшін қажыр-қайратымды жұмсаймын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үлкен үміттің үдесінен шығу үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің жан-жақты дамуы тұрғысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыру үшін мен сайлауға қатысамын», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ҚР Президенті берілген сенімге жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.

«Қазақстан Президенттігіне үміткер етіп ұсынған Елбасыға шын жүректен алғыс айтамын. Мемлекетіміздің негізін қалаған Ұлы тұлғаның маған артқан жауапкершілік жүгін бүкіл болмысыммен сезінемін. Сондықтан сенімге серт беріп, үлкен үміттің үдесінен шығу үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр. Елбасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан алдағы сайлауға ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.

Соңғы жаңалықтар