+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

ҚР Президенті Үкіметке еріктілер қозғалысын қолдауды тапсырды

2019 жылғы 21 мамыр 17:27
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Үкіметке еріктілер қозғалысын қолдауды тапсырды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Елде волонтерлардың орталықтары ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда өтіп жатқан жастар форумы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз әлемнің барлық елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Шекарамыз шегенделді. Елде тұрақтылық пен халықтар достығы салтанат құрған. Мына біз, аға ұрпақ, жастарға әр уақытта көмектесуге міндеттіміз. Сол себепті, алдағы уақытта жаңа президент пулы құрылатынын мәлімдеймін. Оның құрамына 300-дей белсенді жас кіреді. Ерікті жастарға мемлекеттік қызметтен жұмыс беріледі. Бұдан басқа волонтерларға мемлекеттік қолдау жан-жақты көрсетіледі. Мұны өз бақылауыма аламын», - деді Президент форум барысында.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев 2016 жылы елде волонтер қызметі туралы заң қабылданғанын еске салды. Енді бұл заң әрі қарай жетілдіріліп, жастарға мүмкіндік жасайды.

«Мемлекет алдында тұрған ауқымды міндеттер жастардың қатысуымен орындалады. Сондықтан жастарды барынша қолдауды басты басымдық етіп қоямын. Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге еріктілер қозғалысын қолдауды тапсырамын. Барлығы өз қолдарыңызда. Еріктілердің білім орталығы ашылуы тиіс деп есептеймін. Олар әлеуметтік желілерде белсенді. Елдегі проблемаларды жақсы біледі. «Мен жақсылықты таңдаймын» сынды акцияларды қолдауға шақырамын. Мұндай бастамалар әлі де көбейеді. Тынбай еңбектенсеңіздер болғаны, мемлекет Сіздерге қажетті жағдайларды жасайды», - деп түсіндірді мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан-Ресей жастарының халықаралық форумына қатысты.

Көршілес екі елдің белсенді жастары бас қосқан алқалы жиын кеше жаңа ашылған Жастар сарайында басталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT