+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚР Президенті: ТЖ режимін сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын

2020 жылғы 10 сәуір 14:56
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті: ТЖ режимін сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Fаcebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.
«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы» - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгендігі туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтінімен www.akorda.kz сайтынан танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT