ҚР Президенті: Туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 650 мыңға жеткізу керек

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстанның жақын болашақта алыс және жақын маңдағы елдер үшін ең тартымды орындардың біріне және этнотуризмнің орталығына айналу мүмкіндігі бар.

Бұл туралы Қарағанды облысында өтіп жатқан «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Біз салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдадық. Ол толыққанды жүзеге асатын болса, туризмнің Ішкі жалпы өнімдегі үлесі  8% жетеді. Сырттан келетін туристер саны 9 млн ал, ішкі туристер саны 8 млн адам болады. Ал туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 650 мың адамға жеткізу керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

Мемлекет басшысы сөзінде креативті және инновациялық шешімдердің көмегімен Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету керектігін жеткізді.

«Туристерді Қазақстан туралы әсіресе  Ұлытау мен өзге де тарихи орындар туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ете алатын қосымша немесе басқа бір кіріктірілген платформа жасау керек. Туризм индустриясынан келетін салмақты мультипликативті серпінді ескере келе бізге Қазақстанның барлық рекреациялық аумақтарында қонақүйлер мен тамақтану орындарын салу ісіне барынша кәсіпкерлерді тарту керек. Бұл ретте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының да мүмкіндіктерін пайдаланған жөн»,-деді Мемлекет басшысы.   

Соңғы жаңалықтар