+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ҚР Президенті «TotalEnergies» басшылығымен жаңа жобаларды талқылады

2021 жылғы 28 қазан 16:37
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті «TotalEnergies» басшылығымен жаңа жобаларды талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «TotalEnergies» концерні президентінің аға кеңесшісі Арно Брейякпен және «TotalEnergies» барлау және өндіру» компаниясының президенті Николя Терразбен кездесу өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан және Өзбекстан Президенттерінің қатысуымен 15 құжатқа қол қойылды Асқар Мамин шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді Агроөнеркәсіпте 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жоба іске асырылады - Ербол Қарашөкеев

Президент француз кәсіпкерлеріне ілтипат білдіре отырып, Николя Терразды «TotalEnergies» барлау және өндіру» компаниясының басшысы қызметіне жаңадан тағайындалуымен құттықтады.

Кездесу барысында «TotalEnergies» компаниясының қатысуымен жаңартылатын қуат көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы екі күн электр станциясы құрылыстарының аяқталып, пайдалануға берілгенін атап өтті.

Арно Брейяк Мемлекет басшысына қуаты 1 ГВт болатын жел энергетикасы кешенінің құрылысы туралы меморандумға қол қойылғаны туралы, сондай-ақ концернді Қазақстанда және әлемде одан әрі дамытудың перспективалары жөнінде айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қашаған және Дұнға кен орындарындағы мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесі көтерілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT