ҚР Президенті төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнебайланыс форматында өтіп жатқан іс-шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысуда.

Отырыс барысында Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылауда.

Айта кетерлігі, Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады және төрағалық Қырғыз Республикасына өтетін болады.


Соңғы жаңалықтар