ҚР Президенті: ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары өзара ынтымақтастықта болуы қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

nullӘңгіме барысында Қазақстан Президенті өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнаулы құрылымдардың халықаралық деңгейде ынтымақтасуы мен өзара іс-қимыл жасауының маңыздылығын атап өтті.

- Алдымызда ортақ міндеттер тұр. Өзара ынтымақтастықта болуымыз қажет. Қазір күрделі кезеңде өмір сүргендіктен, проблеманы жеке-дара шешу де қиын. Елдеріңіздің президенттерімен жақсы қарым-қатынастамын, сондықтан біз барлық мәселені бірігіп шешіп келеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы ТМД елдері арнаулы органдарының жетекшілеріне салтанатты шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, сол елдердің басшыларына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.

Соңғы жаңалықтар