+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

ҚР Президенті Тимур Құлыбаевты қабылдады

2020 жылғы 22 қаңтар 11:38
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Тимур Құлыбаевты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомар Тоқаев «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды Президентке ұлттық холдингтерді оңтайландыру туралы ұсыныс берілді Мюнхен конференциясында Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығы талқыланды

Кездесу барысында Мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндалды.

Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген «Үкімет бизнес үшін», «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT