Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

ҚР Президенті тікұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

2019 жылғы 27 наурыз 22:19 1758
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті тікұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақта болған экипаж мүшелерінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады.Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі», - деп жазды Президент Туиттердегі парақшасында.

Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссия жіберілді. Қазіргі уақытта төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды. Ал қалған бір тікұшақ оқиға орнына қайта оралды. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT