ҚР Президенті Ташкенттегі Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоқтарын қойды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Ташкенттегі Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жасаған Мемлекеттік сапары барысында Өзбекстан халқының жалпыұлттық символы саналатын Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды.
null

Тәуелсіздік алаңы архитектуралық кешенінде Өзбекстан картасы түсірілген қола глобус пен қолында баласын ұстап отырған ананың мүсіні бар. Композицияның авторы өзбектің белгілі мүсіншісі Илхам Жаббаров.
null

Еске сала кетейік, 14 сәуір, жексенбі күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келген болатын.

Соңғы жаңалықтар