ҚР Президенті: Табысы төмен азаматтарға займ беруге тыйым салу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Табысы күнкөріс шегінен төмен азаматтарға займ беруге тыйым салу керек. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтынушылық кредит төңірегінде орын алып отырған жай қайталанбауы тиіс. Оның алдын алу үшін Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының төтенше тәуекелдерді өз мойнына алуы үшін жауапкершілікті күшейтуге тиіс. Табысы күнкөріс шегінен төмен азаматтарға займ беруге тыйым енгізу қажет», - деді ҚР Президенті.null

Мемлекет басшысының атап өтуінше, мұндай шара олардың қаржылық жағдайларын одан ары төмендетпеу үшін қабылдануы қажет.

«Ұлттық банк кепілсіз тұтынушылық займдарды реттеу бойынша қосымша шараларды қабылдауы қажет», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар