18:04, 17 Қараша 2021 | GMT +6
ҚР Президенті Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
Жиында Қазақстанның қазіргі жағдайдағы сыртқы саясатының басым міндеттері мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері қарастырылмақ. Сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.