ҚР Президенті Sun Seven Stars Investment Group компаниясының басшысын қабылдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында қаржы саласындағы инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру және онлайн-сауда, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Президентке жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар У Чжэн өз компаниясының АХҚО базасында Көміртегінің жаһандық цифрлық сауда орталығын ашу жоспары туралы айтты.


Соңғы жаңалықтар