+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

ҚР Президенті судьяларға жүктемені азайтуды тапсырды

2019 жылғы 21 қазан 18:48
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті судьяларға жүктемені азайтуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Ақмола облысындағы ет өңдеу зауытына барды ҚР Президенті «CNPC» басшылығына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүктеді Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі Жоғарғы сот қызметінің қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа судьяларды іріктеу жүйесін жақсарту, біріңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жаңғырту, соның ішінде соттан тыс татуласу орталықтарын құру, отбасы соттары мен фронт-офистер жайында атқарылған шаралар туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы халықтың сот жұмысына деген сенімін арттыру, азаматтардың өтініш-шағымдарын әділ қарау, шығарылатын сот шешімдерінің сапасын жақсарту қажеттігін айтты.

Президент судьялардың жүктемесін азайту және сот шешімдерінің сапасына кері әсер ететін оларға қатысы жоқ істерден босату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, судьялар корпусының құзыреттілігін арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT