Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

ҚР Президенті ССКӨБ қызметкерлеріне кәсібіне адалдықтары үшін алғыс айтты

2014 жылғы 2 қыркүйек 20:20 80
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті ССКӨБ қызметкерлеріне кәсібіне адалдықтары үшін алғыс айтты

 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің  (ССКӨБ) 60 жылдығын мерекелеуге Рудный қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы кәсіпорын қызметкерлерін және қала тұрғындарын бұл атаулы күнмен құттықтады және ССКӨБ-те үлкен перспективалар бар екенін атап өтті.

«Бүгінде мұнда өндіріс жаңартылды. Жалпы көлемі 250 млрд. теңгенің 3 үлкен инвестициялық жобасын жүзеге асыруға әзірлік жүргізілуде. 1,5 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді Президент.

Ол қалалықтарға Қазақстан экономикасы үшін дағдарысқа толы жылдары олардың «өз кәсіпорындарына, кәсіптері мен Отанына адал болып қалғандары» үшін алғысын айтты.

«Еліміздегі тұрақтылықтың арқасында біз жаңа міндеттерді жүзеге асырып келеміз. Біз жақын және алыс шетелдерде қандай қақтығыстар мен қауіп-қатерлердің орын алып отырғанын көріп отырмыз. Ондай жағдай біздің басымызға да тууы мүмкін. Алайда біз барлық қиындықтарды жеңеміз», - деді Н.Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT