+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

ҚР Президенті сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша тапсырмалар жүктеді

2019 жылғы 24 маусым 18:22
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша тапсырмалар жүктеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысына соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына халықтың сенімін арттыруға бағытталған 16 заң жобасы әзірленгені туралы баяндалды.

Сонымен қатар, саланы білікті кадрлармен толықтыру үшін жүргізілген жұмыстар жайы да айтылды. Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша, биыл енгізілген жүйе бойынша судьялардың ішінде кездейсоқ мамандар болмайды. Алдағы 2,5 жылдың ішінде сот жүйесі лайық емес кадрлардан толық тазартылады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жақында бекітілген сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарында көрсетілген сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру және сот жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT