+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ҚР Президенті ШЫҰ-ның шұғыл шешілуі тиіс экологиялық проблемалары тізімін құруды ұсынды

2020 жылғы 10 қараша 16:59
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті ШЫҰ-ның шұғыл шешілуі тиіс экологиялық проблемалары тізімін құруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымының шұғыл ұжымдық шешімді талап ететін экологиялық проблемалары тізімін құру қажет.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты 2 млрд түп ағаш отырғызу: Әрбір қазақстандық ұсыныс жасай алады 6 жасар қазақстандық өнерпаз табиғатты қорғауға шақырып, ән шырқады

Бұл туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз экологиялық проблемаларды, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс салдарын басты назарда ұстауға міндеттіміз. Сондықтан да ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті ведомстволары үшін осынау проблема бойынша өзара іс-қимылды күшейту барынша маңызды. ШЫҰ-ның шұғыл ұжымдық шешімді талап ететін экологиялық проблемалары тізімін құру бұл саладағы істің жай-күйіне қатысты жайтты қалыптастыруға мүмкіндік берер еді», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы осы жыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының және БҰҰ құрылуының 75 жылдығы аясында өтіп жатқанын еске салды.

«Келесі жылы ШЫҰ-ның 20 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи меже өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудің келісімді әдістерінің түбегейлі маңызды екендігін еске түсіреді. Халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге арналған сыртқы ашықтық пен нақтылық түптеп келгенде ұйымымыздың тиімділігінің кепілі саналады. ШЫҰ-ның өзге де халықаралық, оның ішінде БҰҰ жүйесіне кіретін ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандуға қол қою туралы шешімін қолдаймыз. ШЫҰ мерейтойы - бұл оның сүбелі жетістігін тек қана атап өту үшін емес, сонымен бірге пайдалы сабақ алу үшін кемшін тұстарды анықтау үшін де жақсы мүмкіндік», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте ҚР Президенті ұйым хатшылығына ШЫҰ-ның тетіктері мен органдары қызметін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізе отырып, оның қызметіне жан-жақты сараптама әзірлеуді тапсыру ұсынысын жасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT