+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ҚР Президенті ШЫҰ елдеріне өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесін арттыруды ұсынды

2020 жылғы 10 қараша 17:06
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті ШЫҰ елдеріне өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесін арттыруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдеріне өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Протекционизмнің күшеюі мен тауарлық жеткізулер тізбегінің үзілуі біздің ұйымның экономикалық әлеуетін ашу мақсатын шұғыл шара етіп отыр. 2025 жылға дейінгі ШЫҰ-ны дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарын бекіту өзара сауданың қалпына келуі мен ұлғаюына ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді Президент видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларын кеңесінің отырысында.

Қосым-Жомарт Тоқаев аталған мәселені шешу тұрғысында жобалық қызметті қаржыландыру тетіктерін құру бойынша келіссөздерді жылдамдату қажет екенін жеткізді.

«Өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың рөлін біртіндеп арттыру, сондай-ақ, Еуразиялық қаржы консультациялық механизмін қалыптастыру жөніндегі Жол картасы сияқты шаралардың қабылдануы бұл жұмысқа тың серпін берер еді», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT