ҚР Президенті Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында екі мемлекет басшылары жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін дайын екендерін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Қазақстанның ОПЕК+ келісімінің қолданылу мерзімін 2019 жылдың аяғына дейін ұзарту жөніндегі Саудияның бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл келісім көмірсутегін өндіруші негізгі елдердегі мұнай өндіру көлемін қысқартуды көздейді.

Сонымен қатар, тараптар жоғары саяси деңгейдегі сапар алмасу тәжірибесін жалғастыруға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Саудия жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар