ҚР Президенті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қызметінен босатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Б.Бақауовқа қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Кейін, Павлодардың мамандандырылған тергеу соты оны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Болат Бақауовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша күдік келтіріліп отыр. Аталмыш бап мал-мүлкін тәркілей отырып, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ қандай да бір лауазымды атқару құқығын өмір бойына шектеуді қарастырады.

Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан айыпталушыны екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі экс-әкім бостандықта жазадан қашып, болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Өз кезегінде Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтты.




Соңғы жаңалықтар