ҚР Президенті: Павлодар облысындағы басты мәселелердің бірі - экологиялық проблемалар

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысындағы «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ-ның кеңесі барысында өңірдің индустриалды дамуына бөлінетін қаржы көлемі мен экологиялық проблемалардың өзектілігі туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Тәуелсіздік жылдары Ертіс өңірінің экономикалық әлеуеті айтарлықтай нығая түсті. Елбасы бастамашылық еткен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында 988 млрд теңге сомасына 90-нан астам жоба жүзеге асырылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ретте, экологиялық проблемалар, соның ішінде индустриялық кәсіпорындардың қоршаған ортаға қалдықтарды бақылаусыз шығаруы өңірдегі басты түйіткілдердің бірі болып табылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Президент Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесетіні жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-ға, Жастар бастамаларын дамыту орталығына және Назарбаев Зияткерлік мектебіне баратыны көзделген.

Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар