+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ҚР Президенті: Пандемия ел экспортының бағдарын өзгертті

2021 жылғы 10 маусым 18:33
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті: Пандемия ел экспортының бағдарын өзгертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда мен ауыл шаруашылығына жауапты министрліктерге отандық өнімдердің сапасын халықаралық деңгейде мойындатуға күш салуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды Президент: Медицина қызметкерлеріне төлемақы үшін Үкімет қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

«Былтыр Қазақстан 100-ге жуық отандық экспорттаушыны Аli baba халықаралық интернет палтформасына шығарды. 4000-нан астам қазақстандық тауар аталымы халықаралық нарыққа жол алды. Жабық шекаралар жағдайында біз экспорттық бағыттарымыз жабық қалған дәстүрлі салалардан жаңа сатып алу нарықтарына бағдарлай алдық. Мысалы, біз мұздатылған етті Қытай нарығынан Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінің нарығына бағыттай алдық», - деді Президент.

Сондай-ақ, Президент қазір тамақ өнімдерін жеткізудің аясын кеңейте түсу маңызды екенін атады.

«Жалпы алғанда, мал шаруашылығының сапалы әрі экологиялық таза өнімін экспорттау біз үшін басым бағытқа айналуы керек. Отандық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі халықаралық деңгейде мойындауы маңызды. Бұл мәселе Сауда және интеграция министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің экспорттаушыларды қолдаудағы басты бағыттарының біріне айналуы қажет», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT