ҚР Президенті Өзбекстанмен қосарланған салықты болдырмайтын заңға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Келісімге өзгерістер енгізген заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы «1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар