+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

ҚР Президенті Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті

2019 жылғы 21 тамыз 21:06
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «С5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуге қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келген Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрі – Чингиз Айдарбековпен, Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрі – Сироджиддин Мухриддинмен, Түрікменстан Республикасы Сыртқы істер министрі – Рашид Мередовпен, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі – Абдулазиз Камиловпен кездесуі өтті.


Мемлекет басшысы дипломаттарды АҚШ-пен өңірлік ынтымақтастықты және қатынастарды нығайтудың тиімді тетігі саналатын «С5+1» форматындағы кезекті кездесудің табысты аяқталумен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері арасындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Көпғасырлық ортақ тарихымыз, тату көршілестігіміз, мәдени және діни бауырластығымыз мемлекеттерімізді жақындастыратын негізгі діңгек болған және әрқашан солай бола береді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында Орталық Азиядағы ынтымақтастық сыртқы саясатымызда әрдайым басымдыққа ие болды», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір ішіндегі сауда-саттық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне арнайы тоқталды.

Мемлекет басшысы 2018 жылы наурыз айында Қазақстанның елордасында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы Консультативтік кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап көрсетті.

«Бұл оқиғалар елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты десек, асыра айтқандық емес. Өңір ішіндегі сауда-саттық деңгейінің айтарлықтай артуы соның айқын дәлелі болады», – деді Қазақстан Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT