ҚР Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысуда

None
None
АШХАБАТ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында осы шараға қатысты бірнеше суретті жариялады.

Еске сала кетсек, TDH Түрікменстанның мемлекеттік ақпарат агентігінің хабарлауынша, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі Каспий жағалауындағы «Аваза» ұлттық туристтік аймақта өтіп жатыр.

Жақында мәртебелі қонақтар – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон «Аваза» Ұлттық туристік аймағына келді. Тәжік көшбасшысының Консультативтік кездесуге қатысуы оның Түрікменстанға мемлекеттік сапарымен тұспа-тұс келді.

Орталық Азия елдерінің Мемлекеттік туларымен әрленген Түрікменбашы қаласының Халықаралық әуежайында қалыптасқан салт-дәстүр бойынша мәртебелі қонақтарды нан және тұзбен қарсы алды.

Осы форумның күн тәртібіне мемлекетаралық әріптестіктегі негізгі бағыттарды, сонымен қатар өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды жандандыруға қатысты көптеген мәселелер енгізілді. Ол Орталық Азия елдері ынтымақтастығының кезекті маңызды кезеңін, өзара іс-қимылдың тиімді ұзақ мерзімді тетіктерін қалыптастыруды, бірінші кезектегі міндеттерді нақтылауды, өңірдің тұрақты дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауды, оның әлемдік процестерге жедел интеграциялануын білдіреді.






Соңғы жаңалықтар