ҚР Президенті Орталық Азия елдеріне онлайн-көрмелерде өнімді бірге ілгерілетуді ұсынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне онлайн-көрмелерде өнімді бірге ілгерілетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәстүрлі тәсілдермен қатар тауар экспортын ұлғайтудың заманауи жолдарын да кеңінен пайдалану қажет. Атап айтқанда, таяудағы жаппай шектеулер мен локдаундар электронды коммерцияны дамытудың айрықша маңыздылығын көрсетіп берді. Орталық Азия елдерінің бәсекелестік позициясын ескере отырып, Қазақстан бастапқы кезеңде алдағы онлайн-көрмелерде өнімдерді бірге ілгерілетуді ұйымдастыруды ұсынады», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.

Мәселен, Мемлекет басшысының дерегінше, Alibaba алаңында өткен соңғы көрме барысында тек Ресейдің өзі 50 мыңнан астам тауар атауын ұсынған.

«Қазақстан биыл Alibaba платформасында Ұлттық павильонын ашқан 18-ші ел болды. Павильон 2022 жылдың 24 маусымында ашылды, платформада барлығы шамамен 130 компаниядан 7 500 бірлік қазақстандық тауар ұсынылды. 2020 жылдан бергі жиынтық сатылым 167 млн долларды құрады. Дегенмен, әрине бұл толықтай қанағаттанарлық жайт емес, резерв бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар