ҚР Президенті Н.Назарбаев «Коноко Филипс» компаниясының басшысы Д.Малвомен кездесті

None
None
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Жексенбі күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің АҚШ-қа жұмыс сапары барысында «Коноко Филипс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джеймс Малвомен кездесті.

ConocoPhillips - американдық мұнай компаниясы. Штаб-пәтері - Техас штатында, Хьюстонда. Компания Fortune Global 500[1] (2009 жыл) бойынша 7 орын алады. Компания 2002 жылы Conoco (1875 жылы Continental Oil & Transportation деген атаумен негізі қаланды) және Phillips Petroleum (1905 жылы негізі қаланды) компанияларының қосылуы жолымен құрылды.

2008 жылы қазанда «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ, Conoco Phillips және Mubadala Development Co Каспийдың қазақстандық қайраңында орналасқан Н блогын барлау және игеру шарттарын келісу мақсатында өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар