ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының мүмкіндіктерімен танысты

None
None
МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласында «Reverse Logistics Systems GmbH» және «CCR Logistics Systems AG» компанияларының басқарма төрағасы Патрик Видеманмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде Мемлекет басшысы Германияда үздік деп танылған аталған компаниялардың қызметімен танысты.

Өз кезегінде Патрик Видеман Қазақстан аумағында бірлесіп жұмыс істеуге қатысты ұсыныстар пысықталғанын атап өтті.

Оның пайымынша, тұрғындардың қоқысқа байланысты түсінігін өзгерту керек. Бұл тұрғыда қолданыста болған әр заттың қайта өңделуіне ерекше назар аударған жөн.

Атап айтқанда, жаңа жүйе аясында қолданылған заттарды жинастырып, оны «депозитке» тапсырады. Әр тапсырылған тауардан 25 цент қайтарылады. Бұл қадамдар Еуропаның бірнеше мемлекетінің тәжірибесі негізінде іске асырылуда. Аталған жүйе 13 жылдан бері пайдаланылып келеді. Мәселен, әрбір ыдысқа жеке код беріледі. Осы арқылы әрбір өнімнің белгіленген жерге жеткенін біліп отыруға болады.

«Reverse Logistics Systems GmbH» копаниясы «Atos» компаниясымен бірлесіп көптеген елде депозиттік-қайтарым жүйесін (таромат) енгізумен айналысады. Аталған жүйе экономиканың экологиязациялануына және қоршаған ортаны қорғауға үлкен үлес қоспақ. Бұл жүйе ГФР, АҚШ, Канада, Финляндия, Швеция, Нидерланд, Литва мен Эстония сияқты мемелкеттерде қолданысқа енген.

2006 жылы негізі қаланған компанияның бас ғимараты Мюнхен қаласында орналасқан.

RLG-ге қарасты 30 еншілес компания болса, әлемнің 80 мемлекетінде олардың өкілдігі бар. Жылдық қаржы айналымы – 700 млн еуро.

Компания жаңа, яғни кепілді-қайтарым депозиттік жүйені Қазақстанда да енгізуді көздеп отыр. 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан-Гермния іскерлік кеңесі аясында «KazakhInvest» АҚ және аталған компания арасында әріптестік меморандумына қол қойылды. Келісім орнаған жағдайда, 4-5 мың адамды жұмыспен қамтиды деген болжам бар.


Соңғы жаңалықтар