ҚР Президенті мен Әбу-Дабидің тақ мұрагері оқушыларға сыйлық табыстады

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат  - Әбу-Дабидегі Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінде (World Future Energy Summit «Zyed Future Energy Prize» халықаралық сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыйлық 2008 жылы тағайындалды және Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінде, Әбу-Дабидің тұрақты даму аптасы аясында табысталады. Онда «Ірі компания»; «Шағын және орта кәсіпорындар»; «Коммерциялық емес ұйымдар»; «Жаһандық оқу орны» аталымдары қамтылған.

Атап айтқанда, «Жаһандық оқу орны» аталымында 500 мың АҚШ доллары сомасындағы марапатты ұйымдастырушылар 5 өңір арасында (Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Азия, Африка) бөледі. Осы ретте жеңімпаз деп танылған бір орта мектеп 100 мың долларға ынталандырылады.

Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен әмірліктің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян сыйлықтарды Австралия Huanville Highschool) мен Индонезия (Green Bali School) мектеп оқушыларына тапсырды. Лауреаттар қоршаған ортаны қорғау мен жаңаратын энергияны дамытуға қосқан үлестері үшін марапатқа ие болды.

«Zayed Future Energy Prize» сыйлығының тұжырымдамасы елдің негізін салушы шейх Заид Бен Сұлтан Әл Нахайянның қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктеріне негізделген.

Соңғы жаңалықтар