ҚР Президенті: Мақсатымыз - айқын, бағытымыз - анық, мұратымыз - асқақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел экономикасын жаңғыртуға бағытталған цифрландыру процесі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел қуатты болмай, егемендік тұрақты болмайды» деген қанатты қағида бар халқымызда. Сондықтан, біздің мақсатымыз - айқын, бағытымыз - анық, мұратымыз - асқақ. Орнықты дамуға жол ашатын мемлекеттік бағдарламалар мен тың бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ел экономикасын жаңғыртуға бағытталған цифрландыру процесі қарқынды жүріп жатыр. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін «Бес әлеуметтік бастама» еліміздің дамуына оң серпін берді. Биылғы қазан айындағы Жолдауым азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесіне арналды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің өзгеше моделін құруға қадам бастық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшсы қазіргі таңда ұлттық сананың жаңаруына тікелей ықпал ететін Үшінші жаңғырудың мәні зор екендігін атап өтті.

«Соның аясында биыл Түркістан қаласы қайта түлеп, облыс орталығы мәртебесін иеленді.  Ғасырларды жалғап келе жатқан түркі жұртының рухани астанасы лайықты орнын алды. Шырайлы Шымкент халқының саны бір миллионнан асып, еліміздегі үшінші мегаполис атанды. Сөйтіп, Алматы және Астана сияқты республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылды», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар