ҚР Президенті Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады
2022 жылғы 28 қаңтар 09:13

ҚР Президенті Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ләззат Қалтаева Қызылорда қаласында 1965 жылдың 4 ақпанында дүниеге келді.

1987 жылдың маусым айынан бастап Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамында хатшы-референт, одан кейін басшының орынбасары ретінде қызмет атқарды.

1990 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Тұмар» ЖШС-де және «Виктория» ЖШС-де маркетинг инженері қызметінде болды.

1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін «ДАЭКО» ЖАҚ-да, «Дәнекер» ЖАҚ-на, «Қазақстанаудит» ЖАҚ-да бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маман болды.

2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауыдастығы« ҚБ, «Мүгедектігі бар адамдардың Орталық-Азиялық форумы« ЗТБ төрайымы.

Білімі жоғары, Каспий қоғамдық университетін «заңгер« мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік марапаттары: «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл« мерейтойлық медалі, «Құрмет« ордені.


Сурет: express-k.kz


Jańalyqtar

MURAǴAT