+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

ҚР Президенті Қызылордада балалар ауруханасы мен күріш өңдеу зауытында болды

2019 жылғы 14 мамыр 11:55
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Қызылордада балалар ауруханасы мен күріш өңдеу зауытында болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда өңіріне жұмыс сапары аясында облыстық көпбейінді балалар ауруханасына және «Жан-Арай» ЖШС-ға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпбейінді балалар ауруханасы 2017 жылы пайдалануға берілген. Ауруханада 11 бөлім, 5 операциялық блок, реанимациялық және анестезияға арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ мұнда кеңес беру-диагностикалық бөлімі жұмыс істейді. Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мамандар шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырған.

Ақорданың ресми сайтында хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесу барысында бала денсаулығын жақсарту ісі мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстар жандана түсетінін айтты.

«Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың оңай емес екенін жақсы білемін. Балаларды емдеп, халықтың алғысына бөленіп жүрсіздер. Еңбектеріңіз елене берсін»! - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Президент медицина мекемесі ұжымының жұмысына табыс тіледі.

null

Одан әрі Мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС жұмысымен танысты. Серіктестік күріш өндірісімен және күріш дақылын халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, жем өндірісімен де шұғылданады. Кешен үш бөліктен тұрады.

null null

«Жан-Арай» ЖШС-ның күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдейді. Сондай-ақ, тәулігіне 80 тонна жем өндіреді. Кәсіпорында 300-ге жуық адам еңбек етеді.
null

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы алты жылда 3-тен 15 түрге көбейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін агрокарта әзірленді. Оның мақсаты - экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

"Ауыл шаруашылығы - әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір еңбеккерлеріне зор табыс тіледі.

ҚР Президентінің Қызылорда облысына жұмыс сапары басталғанын бұған дейін хабарлаған едік.

null
null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT