ҚР Президенті Қытаймен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Президент Қытай Халық Республикасымен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды.

Жоғары деңгейдегі келісімдерді, соның ішінде Мемлекет басшысының биылғы ақпан айында Бейжіңге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екеніне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті.

Халықаралық және өңірлік деңгейдегі, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК алаңдарындағы байланыстарды нығайту мәселелері де жаңадан тағайындалған Елшінің жұмысындағы маңызды бағыттардың қатарына қосылды.


Соңғы жаңалықтар