ҚР Президенті Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлайлы Ақорда.
Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьеріне қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, өзінің Қытайға Қазақстан Президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Осы орайлы сәтте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кэцянды және достас қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын, екіжақты әріптестік барысында сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық әлеуетте көптеген нәтижелерге қол жеткенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.
Өз кезегінде Ли Кэцян Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары Қазақстан-Қытай байланыстарын одан әрі нығайтуға зор септігін тигізетінін атап өтті.
- Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
- Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
- Бейжіңде алғаш рет COVID-19-дың британиялық штамы анықталды
- Алматыдан 517 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді
-
Президент Жамбыл облысының әкімін қабылдады
-
Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам