ҚР Президенті қырғыз режиссері Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының аса көрнекті режиссері Болот Шамшиевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол екі ел арасындағы достықты нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әдебиеті мен драматургиясы классиктерінің шығармалары Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар