+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

ҚР  Президенті Кувейттің Премьер-Министрімен кездесті

2020 жылғы 15 ақпан 16:07
Бөлісіңіз:
ҚР  Президенті Кувейттің Премьер-Министрімен кездесті

МЮНХЕН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхендегі жұмыс сапарының екінші күні Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесуден басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президентке ұлттық холдингтерді оңтайландыру туралы ұсыныс берілді Мюнхен конференциясында Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығы талқыланды Қасым-Жомарт Тоқаев: Инновациялар мен цифрландыруға баса мән беріледі

Мемлекет басшысы екі елдің мемлекетаралық байланыстарының достық сипатын және оның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара ынтымақтастықты нығайту үшін әлеуеттің жеткілікті екеніне назар аударды.

– Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында сенімді серіктеспіз. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі штаб-пәтері ашылды. Бұл да біздің өзара ықпалдастығымызға тың серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы қаңтарда «Жусан» гуманитарлық операциясын жүзеге асыру кезінде әскери-әуе базасын пайдалану мәселесін шешуге көмектескені үшін Кувейт үкіметіне ризашылық білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ықпалдастығының, соның ішінде құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, инвестиция және туризм салаларының әлеуеті зор екенін атап өтті.

Кувейттің Премьер-Министрі Қазақстанмен байланыстарды нығайтудың перспективаларына жоғары баға берді.

– Елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, туристік бағыттарда ынтымақтастық орнату үшін үлкен әлеует бар, – деді Кувейт үкіметінің басшысы.

Шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Ол комиссияның алдағы уақытта өтетін 4-отырысында Қазақстан-Кувейт қатынастарын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін жаңа әдістер әзірленетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің Премьер-Министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT