ҚР Президенті Корея басшысымен қандай мәселелерді талқылағанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Корейлік компаниялардың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор қызығушылық танытып отырғандығы қуантады. Бұл туралы бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа ғана біз Президенті Мун Чжэ Инмен мазмұнды келіссөздер жүргізіп, екіжақты іс-қимылдардың өзекті мәселелерін талқыладық. Халықаралық және өңірлік күнтәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмастық. Іс жүзінде талқыланған барлық тақырыптар бойынша өзара түсіністік пен қолдау көрсету жөнінде келісімге келгенімізге қуаныштымын»,- деді ҚР Преиденті.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруді көздейтін жұмыстарды жалғастыруға уағдаласқандықтарын да айтты.

«БҰҰ жүйесіндегі құрылымдар, ДСҰ, Орталық Азия-Корея Республикасы форумы және басқа да ұйымдар аясында белсенді әрі тығыз ықпалдастыққа қол жеткіздік. Бүгінгі сапардан кейін көпжақты ықпалдастығымыздың ауқымы мен мазмұны кеңейетіндігі сөзсіз», - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті бүгінгі келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзар іс-қимылдың келешегі де қаралғанын айтты. Бұл ретте аталған бағыттағы жұмыстар басымдығы Қазақстан мен Корея арасындағы 2019-2022 жылдарға арналған «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасында көрініс тапқандығына назар аудартты.

«Бүгінде біздің елдеріміз машина жасау, құрылыс, жол, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, қаржы секторы, денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сынды түрлі салаларда ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Корейлік компаниялардың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға зор қызығушылық танытып отырғандығы қуантады. Бүгінде 500-ден астам бірлескен қазақстандық-корейлік кәсіпорын Қазақстан аумағында белсенді жұмыс жасап жатыр. Меніңше, келешекте олардың саны арта түсетін болады», - Қ.Тоқаев.

null

Соңғы жаңалықтар