ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Бакуге келді

None
None
 БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбековтің басшылығымен Бакуге келген қазақстандық делегация Шехидтер аллеясына және Құрметті жерлеу аллеясына барып қайтты, деп хабарлайды Әзербайжандағы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қазақстандық делегация басшысы жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің ескерткішіне гүл қойды. Сондай-ақ, академик Зарифа Әлиева, мемлекеттік қайраткер Азиз Азизов және профессор Тамерлан Әлиевтің рухтарына құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары қойылды.

null«Қазақстандық делегация Бакуге Әзербайжан әкімшілігінің және Гейдар Әлиев орталығының шақыртуымен келді. Орталықпен жақсы қарым-қатынас орнаттық, тәжірибе, мұрағаттық құжаттармен алмасудамыз. Сондай-ақ, өткен жылы Астанада Гейдар Әлиевтің 95 жылдығына арналған қазақ тілінде кітап жарық көрген болатын. Дәл осындай шара ертең Бакуде өтеді, яғни «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының таныстырылымы өтеді», - деді М.Қасымбеов.

Делегация құрамында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма басшысы Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов және т.б. болды.

Соңғы жаңалықтар