ҚР Президенті Қазақстанның Беларусьтегі жаңа елшісіне бірқатар тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы Асқар Бейсенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Беларусь Республикасымен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті Асқар Бейсенбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, 12 тамызда Президент Жарлығымен Асқар Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар